Әбдірәлі Бөлебаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбдірәлі Бөлебаев (25.12. 1953. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "ҚызылОктябрь" а.) – теледиктор<ref>"Қазақ телевизиясы", Энциклопедия. "ҚазАқпарат" Алматы, 2009,1-т ISBN 978-601-03-00-70-5</ref>.

Алматыдағы №46 қалалық кәсіптік техникалық училищені (1971), Құрманғазы атынд. консерваторияны бітірді (1976).

1983 жылы Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық теледидар және радио қызметкерлерінің білімін жетілдіру институ тынан дәріс алды.

Еңбек жолын "Қазақфильм" киностудиясында режиссердың көмекшісі болып бастады. 1977 жылы Қазақстан Кәсіподактары жаныңдағы көркем өнерпаздары республикалық үйінде методист, 1978 жылы Қазақ радиосының дикторы, 1985 жылы Қазақ теледидарында диктор, 1992-96 жылдары дикторлар тобының жетекшісі, 1996 жылы "Хабар" агенттігінде "Жеті күн" ақпаратты сараптау бағдарламасы және "Жаңалықтар" қызметінің жүргізушісі, 2000 жылы "Қазақстан" ұлттық арнасының Астана филиалында диктор, 2002 жылы ҚР Президентінін Телерадиокешенінде продюсер, 2004 жылы ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) баспасөз хатшысы болып қызмет атқарады. Қаржы полициясының полковнигі.

Ол телерадиода дикторлық өнердің қыр-сырын терең меңгерген, дауыс үні өзгеше, шеберлігі толысқан маман. Оның оқыған телерадиохабарларынан өзгеше бір тыныс, кең ауқым, биязылық пен парасаттылық лебі еседі.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}