Әбдірахим Смағұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбдірахим Смағұлов (1900-1968), педагог, облыс мүғалімдері арасынан алғаш Ленин орденімен (1939) марапатталған ұстаз, КазКСР еңбек сіңірген мұғалімі (1961). Ақтоғайдың түлегі. Қарқаралы уезі, Темірші болысы, 6-ауылында 1925 жылдан бастауыш мектеп мұғалімі және алғашқы меңгерушісі болады. Ақтоғай, Қарқаралы аудандарында ересек адамдар арасында сауат сыздықты жою (1922 - 1939) ісіне қатысады. 1939-1947 ж. Қарқаралыдағы № 1 қазақ орта мектебінің директоры, Қарқаралы оқу бөлімінің меңгерушісі болады. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Смағұлов Қарағанды облысында отбасылық мұғалімдер әулеті дәстүрінің негізін қалаушы. Баласы Смағұлов Қайдар (1931-1978) Қарағайлыдағы № 3 орта мектептің , Қарағандыдағы № 2 мектеп интернаттының директоры, ҚарМУ - дедоцент болды, тарих ғылымының кандидаты (1970). Ата жолын немерелері мен шөберелері ұстаз болып , жалғастыруда.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}