Әбдімомын Желдібаев
Үлгі:Музыкант Әбдімомын Желдібаев (5 қыркүйек 1937; Шу ауданы, Жамбыл облысы — 12 сәуір 2024) — қазақтың атақты күйші-композиторы. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. "Ерке сылқым" күйінің авторы.
Өмірбаяны
- Әбдімомын Желдібаев 1937 жылы 5 қыркүйекте Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
- Күйшінің атақты күйі "Ерке сылқым" құрметіне 2011 жылы Шу қаласында ескерткіш орнатылды.<ref>http://shu.zhambyl.kz/index.php?lan=kaz&page=13&cat=58&hoster=shu&news_id=790 Үлгі:Webarchive «Ерке сылқым» ескерткіші–ел мерейі</ref>
- Бірде күйшінің Түркістан газетіне берген сұхбатында күй туралы былай деген еді:
Үлгі:Start citationКүйге адалдық пен тазалық керек. Осы екеуi болмаса тыңдаушылардың жүрегiне жетпейдi. Халтураның өмiрi қысқа. Күйлерiмдi жүз рет толғанып, қырық рет толғатып барып шығарамын. Мен өзiм бiттi деген жерден бiтедi. Iзденiсiм сонымен тоқтайды. Сыншылардың тiсiн батыра алмай жүргенi де содан болар.Үлгі:End citation
Шығармалары
Композитордың "Толғау", "Ерке сылқым", "Боз жігіт", "Жесір сазы", "Ыдырыс", "Аққу", «Арман құс», «Абай арманы», «Жамбыл толғауы», «Тұран елі» сияқты 70-тен астам күйі мен әні бар.сияқты. Оның «Ерке сылқым» күйі халыққа кеңінен таралған.<ref>http://www.inform.kz/kaz/article/2579314 Үлгі:Webarchive ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР</ref>
Марапаттары
- Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері құрметті атағының иегері.
- Парасат ордені
- Құрмет ордені
- Н. Назарбаевтың жеке айрықша белгідегі "Алтын барыс" төсбелгісінің иегері.<ref>ҚазАқпарат, Бүгін Астанада Ә. Желдібаевтың «Ерке сылқым» атты шығармашылық кеші өтедіҮлгі:Deadlink</ref>
- 2011 жылы "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігне 20 жыл" медалі