Әбдеш Тәшкенұлы Төлеубаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Төлеубаев Әбдеш Тәшкенұлы. 1953 жылы 15 қарашада ҚХР Чугучак қаласында туған. Қазақ. Тарих ғылымдарының кандидаты (1979), докторы (1992).

Әкесі - Бейсембаев Тәшкен, марқұм. Анасы - Бейсембина Зейнекеш, зейнеткер, пошташы болған.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген (1975), мамандығы - «Археология, этнография», тарихшы.

Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақтардың мұсылмандық сенімге дейінгі белгі-бұйымдары». Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (1993 жылдан). ҚР Көркемөнер академиясының академигі (2007 жылдан).

«Қазақтардың отбасылық ғұрыптарындағы мұсылмандық сенімге дейінгі белгі-бұйымдары» (1991) кітабының авторы; «Орынбор қазақтары (тарихи этнографиялық зерттеу)» (2003), «Қазақстанның археологиясы» (2007) кітаптарының; «Дала көсемдерінің қазыналары» (2004), «Қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері» (2002) кітап-альбомдардың; «Ежелгі Қазақстан тарихы» (2006), «Қазақстан тарихы» (2006, 2007) 6-шы, 10-шы және 11-ші сыныптарға арналған оқулықтардың; археология және этнология бойынша 100 астам ғылыми мақалалардың біріккен авторы. Шілікті өңірінде (ШҚО Зайсан ауданы) алғашқы сақ мәдениетіне жататын Қазақстандағы үшінші «Алтын адамды» тапқан (2003-2004). Шілікті «Алтын адамының» салтанатты-салттық киімінің ғылыми реконструкциясы бойынша авторлық куәліктің ізденушісі.

Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі.

1975-1978 жылдары - КСРО ҒА Этнография институтының аспиранты. 1979 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, 1981 жылдан - археология және этнология кафедрасының доценті. 1989-2005 жылдары, 2008 жылдан бері - әл-Фараби атындағы Қазақ улттық университетінің археология және этнология кафедрасының меңгерушісі; 2009 жылдан бері -қосарлау бойынша археология және этнология Ғылыми-зерттеу орталығының директоры. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Археология және этнология институтының Диссертациялық кеңесінің (1995-2007); Жұмыс кеңесінің (2001-2005; 2008 жылдан); әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінің Жұмыс кеңесінің мүшесі (1989 жылдан).

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы бірінші сыйлығының лауреаты (2006). ҚР Үздік оқытушысы (2008). «Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталған (2005).

Әскери атағы - аға лейтенант.

Діни көзқарасы - «Зайырлы адаммын, бірақ прогрессивті және әдемі діни мейрамдарға қосыламын»

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М.К. Ататүрік, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Шоқай, Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның жарқын, өркендеген болашағына сенемін. Қазақстанның болашағы - оның отанға берілген кадрларында, индустриалды-инновациялы дамуында, экономикадағы ғылымның рөлінің артуында, әлеуметтік-мәдени дамуда».

Хоббиі - домбыраның сүйемелдеуімен халық әндерін орындау, әуен, өлең шығару, қасқырларға аңшылыққа шығу.

Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи романдар, А. Құнанбаевтың, М. Мақатаевтің, О.Сүлейменовтың өлеңдері.

Үйленген. Жұбайы - Жексембекова Гүлнәр Бемырзақызы, тарих пәнінің оқытушысы. Балалары - Талғат, Әсел, Мақпал, Мағжан.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub