Ұңғымаға ағып келуді жандандыру әдістері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұңғымаға ағып келуді жандандыру әдістері. Ұңғыма оқпанына сұйықтың (газдың) ағып келу мүмкіндігін барынша арттыру мақсатында сол оқпандағы қысым мөлшерін азайту шараларын аматамасыз ететін әдістер. Бұл үшін төмендегі әрекеттер жиынтығы жүзеге асырылады:

  1. жуғыштау сұйығын таза техникалық сумен, сирегірек мұнаймен алмастыру;
  2. ұңғыма оқпанындағы сұйықтың деңгейін әр түрлі тәсілдер көмегімен төмендету.

Қысым деңгейін төмендетудің шектік мөлшері ұңғыма оқпанының техникалық жағдайымен, ұңғыма тесіп өткен таужыныстардың төзімділігімен (олардың керіштену дәрежесімен, жарықшақтылығымен, аққыштығымен) анықталады, сөйтіп бұл деңгей әдетте ұңғыма оқпанының ернеуі мен тесіліп өтілген қойнауқат арасындағы қашықтықтың 2/3 бөлігінен аспайды. Сұйықтың (газдың) ұңғыма оқпанына ағып келуі мүлдем тоқталған немесе өте болымсыз болған жағдайда оқпанды таза сумен қосымша жуу, ұңғыма оқпанымен ашылған таужыныстарды қышқылдармен өңдеу, сұйықпен жарғылау, шегендеу тізбегін қайтадан теспелеу сияқты шаралар жүзеге асырылады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}