Ұқсастық критерийі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұқсастық критерийітабиғаттағы сұйықтық қозғалысының түрлі күштердің (ауырлық қысым, үйкеліс, беттік тартылу, серпімділік) әсерінен жүзеге асырылуы. Бұл күштердің әрқайсысы сұйықтықты және осы күштердің табиғатын көрсететін физикалық шамалармен (өлшемдік коэффициенттермен) сипатталады. Аталган күштердің әсері түрлі құбылыстарда әр түрлі дәрежеде байқалады. Кейбір құбылыстар ауырлық және үйкеліс күштерінің басымдылығымен өтеді, енді бірі ауырлық, үйкеліс, беттік тартылыс немесе тек ауырлық күштерінің, беттік тартылыс күштерінің әсерімен ғана өтеді. Гидродинамикалық ұқсастык үлгісі және табиғи шарттар осы құбылыстың пайда болуына себеп болатын барлық күштердің тепетеңдігін талап етеді. Әсер етуші күштердің физикалық ерекшеліктеріне байланысты іс жүзінде үлгідегі және табиғаттағы барлық күштер қатынасының тендігін сақтау мүмкін емес. Қарастырылып отырған құбылыста басым болатын немесе құбылысты айқындаушы күштердің қатынасының негізінде ұқсастықтың жекелеген шарттарын табуға болады. Ол үшін әсер етуші күштердің қайбірі басым болған жағдайда ұқсастық шарттарын көрсететін ұқсастық критерилері анықталады, мыс., су құбырларындағы гидравликалық қарсылық заңдылығын зерттеуде басты рөлге ие болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ұқсастық критерийі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}