Ұсату

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұсатукенді байыту алдында онын ірі кесектерін белгілі мөлшерге дейін (сепкілдігіне байланысты) ұсату үшін жүргізіледі. Егер кен ұсақ сепкілді болса, тиісінше ұнтақтау алдында ұсату 8— 10 мм-ге дейін жеткізіледі. Ірілігіне қарай ірілеп ұсату, орташа ұсату және ұсақ ұсату сатыларына бөлінеді. Ұсату арнаулы аппараттарда — ұсатқыштарда соғу, жару және жаншу жолдарымен жүргізіледі. <ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Жарылғыш заттың ұсақтағыш қасиеті

Жарылыс кезінде қоршаған тау жынысының белгілі бір көлемін керекті мөлшерде ұсақтау. Жарылғыш заттың ұсақтау қасиеті:

  • онымен шектесіп жатқан жыныстың шағын көлемін ұсақтауына;
  • аса көлемді жынысты ұсақтауына қарай бөлінеді.

Ұсатқыш денелер

Кенді ұнтақтау үшін диірмен ішіне шарлар және біліктер салынады. Кен өзін-өзі ұнтақтайтын диірменде үлкен кесектер кішілерін ұнтақтайды.

Дереккөздер

<references/>