Ұрға

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұрға, Үрге, Урга — Моңғолияның қазіргі астанасы Ұланбатыр қаласының 1924 жылға дейінгі атауы. Ұрға Селенга өзеннің алабындағы Толо өзеніне Сэлба өзенін құятын жерде, теңіз деңгейінен 1300 — 1350 м биіктікте орналасқан. Ұрғаны қоршап жатқан таулардың ішіндегі ең биігі — Богдо-Оло, онда мемлекеттік қорық орналасқан. Климаты тым континенттік. Негізі 1639 ж. қаланды. Сол жылы Гомбодорж хан өзінің бес жасар ұлы Занабазарды Моңғолиядағы будда дінінің басшысы деп жариялап, оның құрметіне көшпелі орталық — оргоо (моңғолша — орда, сондықтан 1924 жылға дейін еуропалық әдебиетте “Урга” деп аталды) ұйымдастырды. 1706 жылдан бастап Их-Хурээ (Ұлы монастырь), ал 1911 жылдан Нийслэл-Хурээ (Астаналық монастырь) деп аталды. Ресей мен Қытай арасындағы сауда жолында орналасқан Их-Хурээ көп ұзамай ірі сауда орталығына айналды. Их-Хурээ көшпелі қала болып, 140 жыл бойы көшіп-қонып жүрді. Жазық даладағы қала сопақша етіп орналастырылды. Ортасында бас билік иесінің, әскербасылардың киіз үйлері орналасты. Одан кейін сақина түрінде тұрғын киіз үйлер, ғибадатханалар қойылды. Белгілі бір уақыт өткен соң қала бұрынғы орнынан көшіп, жаңа жерге қоныстанды. Моңғолия Цинь империясына бағынғаннан кейін, Ұрға жергілікті қытай мирасқорының ордасына айналып, 1779 жылдан бастап қазіргі Ұланбатыр қаласының орнына түпкілікті орын тепті. Жаңа қала 13 ғасырдада Шыңғыс хан құрған мемлекетке астана болған Қарақорым қаласының маңайына салынды. 1911 ж. Цинь әулеті үстемдігі жойылып, Моңғолия дербестік алған соң Их-Хурээ Нийслэл-Хурээ деп атала бастады. 1919 ж. қарашада Ұрғаны Сюй Шу-Чжэн бастаған қытай әскерлері басып алып, Моңғолияның дербестігін жойды. 1921 ж. ақпанда Ұрғаға барон Унгерннің ақ гвардияшыл әскерлері баса-көктеп кірді. 1921 ж. 6 шілдеде Моңғол Халық армиясы мен оған көмекке келген Қызыл Армия бөлімдері қаланы азат етті. 1924 ж. бірінші Ұлы халық хуралы Моңғол Халық Республикасының құрылғанын жариялады. Нийслэл-Хурээ қаласының аты Моңғолия басшыларына кеңесшілікке жіберілген Интернационал ҚҚҚ-нің арнайы өкілі Т.Рысқұловтың ұсынысымен Ұланбатыр (моңғолша “Қызыл батыр”) болып өзгертілді. Қазіргі кезде қалада металл, ағаш өңдеу өнеркәсібі, тұрғын үйлер салу саласы дамыған. Халықаралық әуежай, Ғылым академиясы, университет, бірнеше мұражайлар бар. Ұрғаның батысындағы ежелгі қала Қарақорымның орнында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}