Ұрық қапшығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұрық қапшығы (sacculus embryonalіs) — гүлді өсімдіктердің орталық бөлігі. Бұл арада жұмыртқа жасушасы дамып жетіліп, қосарлы ұрықтану процесі жүреді. Ұрық қапшығы шығу тегі және атқаратын қызметі жағынан аналық гаметофит (жыныс ұрпағы) болып есептелінеді. Кәдімгі ұрық қапшығы бір ғана гаплоидты аналық жыныс жасушасынан дамиды. Ол аналық жыныс жасушасының көлемі ұлғая келе үш рет бөліну арқылы белгілі бір реттілікпен орналасқан сегіз ядросы бар жеті жеке клеткаға айналады. Оның бір жасушасы орталық клетка деп аталады, онда екі ядро болады. Ал қалған бір-бір ядросы бар жасушалар үш-үштен бір-біріне қарама-қарсы полюстерде орналасады. Бір полюсінде жақсы дамыған бір ірі жұмыртқа жасушасы және одан біршама нашар дамыған екі қосымша жасуша болады. Ал қарама-қарсы полюсте біркелкі дамыған үш жасуша орналасады. Ұрық дамуының келесі кезеңінде орталық жасушадағы екі ядро бір-бірімен қосылып, ұрық қапшығының екінші реттік диплоидты орталық жасушасына айналады. Ұрықтанғаннан кейін зиготадан ұрық дамып жетіледі. Ал орталық жасушадан (үш ядросы бар тұқымнан) эндосперм (кейбір өсімдіктердің тұқымы мен жемісінде болатын, ұрықтың қоректенуіне қажетті ерекше ұлпа) қалыптасады. Ұрық қапшығының 16-ға жуық тобы бар.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}