Ұлы бірлік кітабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Ұлы бірлік кітабы" - қытай философы Кан Ювэйдің (1858-1927) еңбегі, конфуциандық дәстүрге негізделіп, саяси реформалар жүргізу арқылы бірлікті мақсат тұтып, ұлы әлем ғасырын елестетті. Қытай моральдық философиясының басты мәселесі болып табылатын әлемді жақсартуға үнемі құлшыну Кан Ювэйдің адам өмірін үйлесіміне шақырған идеяларынан көрініс тапты. Барлық әрекеттің ең жоғары мақсаты ретінде жалпыға ортақ әлем және ұлы бірлікті ұсына отырып, Кан Ювэй саяси және әлеуметтік реформалар жүргізуге көп күш жүмсады. Оның пікірінше, ұлы әлем ғасыры - "адалдыққа, сүйіспеншілікке, дұрыс басқаруға негізделген ұлы бірлік жолы". Ол жеке адамдар мен мемлекетті қайғы-қасіретті жоюға, адамдардың барлығына тән қайырымдылыққа шақырады. Кан Конфуцийді алғашқы және бас саяси реформатор ретінде мойындайды және конфуциандық этиканы жаңғыртуға талпынады. Кан адам табиғаты іштей қайырымды, ал мораль негізі адамдарға қайырымдылық қылу, басқаның қайғысына ортақтасу деген Мэнцзы және тағы басқа ойшыл-неоконфуциандықтардың пікірлерін қолдайды.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ұлы бірлік кітабы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}