Ұлыбритания елтаңбасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елтаңба Ұлыбританияның королдік елтаңбасы — бұл британдық монархтың (қазіргі кезде Елизавета II) ресми елтаңбасы. Каролдік отбасының басқа мүшелері басқа елтаңбаларды қолданады.

Елтаңбаның қарапайым нұсқасында екі арыстан және жеті геральдикалық қабылан: төртке бөлінген қалқанның 1-ші және 2-ші бөліктерінде орналасқан (олар Англияға сәйкес келеді), көкшіл қалқанмен қаруланған, алты алтын қабылан бейнеленген. Көкшіл қаруланған арыстан Шотландияны көрсетеді. Дулыға үсті әшекейі ретінде тәж киген қабылан көрсетілген. қалқан ұстаушы ретінде тәж киген алтын арыстан оң жақтан шопарды ұстайды. Ал сол жағынан тұсауға байланған дарамүйіз бейнеленген.

Елтаңбаның шотландиялық нұсқасында төрт арыстан және үш қабылан бейнеленген: қалқанда бес жануар (олардың ішінде үш қабылан Англияға, екі арыстан Шотландияға сәйкес келеді), ал дулыға үсті әшекейде бір тік отырған тәжді арыстан суреттелген. Рет бойынша келесі жыртқыш аң қалқан ұстаушы ретіндегі тәжді арыстан. қалқанның оң жағын тұсаймен байланған дарамүйіз. Елтаңбаның екі нұсқасында да үшінші зеңгір жазықта алтын Ирландияны кейіптейтін, арфа көрсетілген.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>