Ұлттық өзіндік сана

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұлттық өзіндік сана - белгілі бір ұлттық қауымға енетін адамдардың осы қауымның идеалдарын, мәдени нормаларын, дәстүрлерін, тұрмыстық стереотиптерін меңгеруін, сондай-ақ, олардың жалпы қоғамдағы осы әлеуметтік-этникалық топтың мүдделері мен жағдайларын түсінуді сипаттайтын елестетулер деңгейі.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref>

Ұлттық өзіндік сана - белгілі ұлт өкілі ретінде индивидтің өзі туралы салыстырмалы түрде тұрақты, ұғынылған және қайталанбайтын жүйе. Ұлттық өзіндік сана — ұлттық қоғамдық шындықты өзінше қабылдап, оны салт-дәстүр, ұлт тілі, ұлттық өнер арқылы білдіруі. Сана объективті дүниені және өзінің жеке болмысын ой елегінен өткізуге белсене қатысатын адамның психикалық процестерінің бірлігін көрсетеді. Ол адамның еңбек, қоғамдық-өндірістік қызметі барысында пайда болады және сананың өзі сияқты тілмен тығыз байланысты. Адам объектілерге түсініп ұғына қарайтындықтан, оның дүниеге қатынас тәсілі ғана сана деп аталады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ұлттық өзіндік сана|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}