Ұйқысыздық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Disease Ұйқысыздық немесе инсомния, немесе агрипния — ұйқының ұзақтығы немесе сапасы немесе екеуінің де қанағаттандырмайтын қалыпты ұйқының бұзылуы. Ұйқысыздық – бұл адамның ұйқыдан болатын проблемалық жағдайы. Ұйқысыз көп адамдар тез көз іліп, артынша оянып кетеді. Ал тағы біреулер керісінше ұйықтауы қиын болады. Нәтижесінде ешқандай ұйықтай алмай, ертесі көңіл-күйінен байқалып тұрады.

Ұйқысыздықтың зияны

Ұйқысыздық – кең тараған проблема. Ұйқының бұзылуы күндіз қатты ұйықтағың келеді, күш-қайратың болмайды. Мұндай ұйқының бұзылуы ұзаққа созылатын болса, адам ашушаңдыққа немесе депрессияға бой алдырады; жаңа нәрсені есіне сақтау, назар аудару, оқу қиынға соғады; оқуы немесе жұмысы нашар болады. Ұйқысыдық отбасына, достарына назар аудартпай, адамға қажет күш-қайратынан айырады.

Ұйқысыздық қаншалықты уақытқа дейін созылғанына байланысты созылмалы және қысқа мерзімді болып келеді. Созылмалы ұйқысыздықта ең аз дегенде үш күн, тіпті бір айға дейін көз іле алмайды.

Қайталама ұйқысыздықтың себебін табатын болса, ешқандай емсіз-ақ өтіп кетеді. Ұйықтау уақытын реттеп, өмір сүру әдетін өзгертетін болса, мұндай бұзылуды жөндеуге болады. Ұйқының бұзылу себебі анықталмаса, дәрігерге қаралған дұрыс.

Ұйқысыздықты тудыруы мүмкін аурулар

Ұйқысыздықты тудыруы мүмкін аурулар:

  • Кейбір өкпе немесе жүрек аурулары
  • Стресс немесе депрессия
  • Дұрыс ұйықтау үдерісін бұзатын дәрілік препараттар
  • Дұрыс ұйықтау үдерісін бұзатын кофеин, темекі, ішімдік сияқты заттар
  • Ұйықтау уақытының бұзылуы немесе жағымсыз орта сияқты қоздыратын факторлардың әсері.

Ұйқысыздықтың түрлері

Ұйқысыздықтың екі түрі болады.

  1. Көп тараған түрі – қайталама ұйқысыздық. Он адамның сегізі қайталама ұйқысыздықпен ауырады екен. Мұндай ұйқысыздық белгілі бір аурудың жанама әсері немесе нәтижесінен болады.
  2. Бастапқы ұйқысыздық керісінше белгілі бір аурудың жанама әсерінен болмайды. Мұндай ұйқысыздық аз дегенде бір ай немесе одан да көп уақытқа дейін созылады.

Қайталама ұйқысыздықтың себептері

Қайталама ұйқысыздық әдетте стрестен, эмоционалды шиеленістен және т.б. пайда болады. Сонымен қатар депрессиядан бастап, Альцгеймер, Паркинсон сияқты жүйке ауруларынан да болады.

Қайталама ұйқысыздықты тудыруы мүмкін аурулар

Қайталама ұйқысыздықты тудыруы мүмкін аурулар:

  • Артрит және бас аурулары.
  • Демікпе, жүрек жетімсіздігі сияқты адамның тыныс алуы қиын аурулар.
  • Гипертиреоз (қалқанша бездің ауруы)
  • Асқазан-ішек жұмысының бұзылуы;

Бастапқы ұйқысыздықтың себептері

  • Ұзақ уақыттық стресс, эмоционалды бұзылу.
  • Саяхат немесе жұмыс кестесінің әсерінен ұйықтау тәртібі бұзылады. Оны түзегеннің өзінде ұйқысыздық сақталып қалуы мүмкін. Яғни, ағза ұйқының жеткіліксіздігімен күресуге дағдыланады.
  • Өмір салтын өзгерту

Ұйқыны жақсартатын «жақсы әдеттер»

Ұйқыны жақсартатын «жақсы әдеттер»:

  • Ұйықтар алдында кітап оқыңыз, жағымды музыка тыңдаңыз, ыстық ванна қабылдаңыз.
  • Ұйықтар алдында дене жаттығуын жасамаңыз, ауыр тамақ жемеңіз, сусын аз ішіңіз.
  • Жатын бөлмеңіздегі компьютерді, телевизорды басқа бөлмеге ауыстырыңыз, ол мүмкін болмаса жатар алдында оған жоламаңыз. Қатты ашық түстерден құтылыңыз.
  • Тіпті демалыс күндері де бір уақытта жатып, бір уақытта тұруды әдетке айналдырыңыз. Егер осылай істей алсаңыз, түнгі уаықтта жұмыс істемеңіз.
  • Когнитивті мінез-құлықты терапия. Мұндай терапиядан адам ұйықтау режимін бірқалыпқа түсіруге әдеттенеді.
  • Қозуды басатын релаксация мен биологиялық кері байланыс. Мұндай әдіс дем алу, жүрек қағыс, бұлшықеттерді босатып, көңіл-күйді көтеруге көмектеседі.
  • Ұйқының бұзылуы туралы алаңдап, мазасызданбай, ұйықтар алдында жағымды ойлар ойлау керек.
  • Терапевттің жеке қабылдауында ұйқы туралы дәріс алу керек. Мұндай әдіс түсіңізде не көретініңізді айтып, ойыңызды ашық айтуға көмектеседі.
  • Оянатын уақытыңыздан ерте тұрыңыз. Бұл ұйқының дұрыс кестесін жасауға көмектеседі. Шаршағаннан бұрын ұйықтай алмайтын уақытыңызда ұйықтап қаласыз. Ақырындап түнгі толық ұйқыңыз қалпына келіп, төсекте ұзағырақ жататын боласыз.Дәрілік препараттар
  • Кейбір препаратттар ұйықтауға көмектесуі мүмкін. Бірқалыпты ұйықтау үшін дәрігерлер 1-2 апта бойы ішуге дәрі жазуы мүмкін. Мұндай препараттар көмектескенмен, кейбір адамдар ішіп алған сияқты сезінеді.
  • Түнімен жұмыс істегеннен немесе басқа себептерден болатын ұйқының бұзылуы белгілерін дәрі арқылы кетіруге болады. Бірақ қандай да бір дәрі қабылдамас бұрын, дәрігермен кеңесу керек.
  • Ұйқысыздықтың симптомдарын кетіру үшін ішімдік сияқты нәрселерден тыйылу керек. Сол сияқты бір уақытта тұрып, бір уақытта жатуға өз-өзін үйрету керек. Жатын бөлменің температурасынының оңтайлылығын, тыныштығын, жайлылығын қамтамасыз етіңіз.
  • Кофеин,темекі сияқты қоздыратын нәрсе қабылдамаңыз, кофеиннің әсері 8 сағатқа дейін созылады.
  • Дәрігердің рұқсатынсыз белгілі бір дәрілерді (аллергияға, суық тигенге қарсы препараттар) қабылдамаңыз. Ұйқыны бұзуы мүмкін.

Ішімдік ішпеңіз. Кейде ішімдік тез ұйықтап кеткенге көмектесуі мүмкін, бірақ жиі-жиі ояна беруіңіз мүмкін.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Ұйқысыздық түнгі ұйқы ұзақтығының қысқаруынан, кеш ұйықтау, ерте ояну, түн ішіндегі ұйқының біршене рет бұзылуынан көрініс береді. Ұйқысыздықтың пайда болуына жарақат әсерінен жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы, невроз, психоз, ми аурулары (әсіресе, ми тамырларының атеросклерозы), ішкі органдар мен эндокринді бездің сырқаттары әсер етеді. Дені сау адамдардың өздерінде қажудың, ойға берілудың, белгілі уақытта ұйықтамаудың (түнгі мезгілдегі жұмыс, кешкі сабақтар), т.б. салдарынан ұйқы бұзылады. Адамның жасы ұлғайған сайын, мұның өзі организмніңосы жастағы физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Ұйқысыздықты емдеу үшін оның себебін анықтау керек.дені сау адамның ұйқысы дәрі-дәрмек қолданбай-ақ қалпына келеді. Ол үшін у-шуды болдырмай, жататын бөлмені дұрыстап желдетіп алса жеткілікті. Дәл ұйықтар алдында тамақтанбау, қою шай не кофе ішпеу керек. Ұйқыны қалпына келтіруге жатар алдында серуендеп келу, жылы сулы ваннаға түсу, ұйықтар алдында жылы, тәтті сусындар, шұйгіншөп тамырынан жасалған тұнба ішу де көп көмегін тигізеді. Кейде дәрігердің кеңесі бойынша тыныштандыратын немесе ұйықтататын дәрі-дәрмекті қолдануға тура келеді. Алайда дәрі-дәрмекпен өз бетінше емделу өте қауіпті. Егер ұйқысыздық әр түрлі ауруларға байланысты болса онда оның себебі болған негізгі ауруды емдеу керек.<ref>Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер