Ұзақбай Тастанбекұлы Шәкеев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шәкеев Ұзақбай Тастанбекұлы<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref> (1953 жылы туған) – қызметкер. «Қаражон» ЖШС-нің директоры (1991). Тұқым өсіруші агрономнан шаруашылықтық бастығына дейінгі еңбек жолынан өткен. Кәсіпорынның материалдық-техника базасын нығайтуға, әлеуметтік жағдайына, жастармен жұмыс, спортты дамытуға, қайырымдылық көмек көрсетуге, ауылды көгалдандыру мен тазалау жұмыстарына көп көңіл бөледі. Осы жылдар ішінде құрылыс цехы, 40 трактор мен автомобильдерге арналған жылы тұрақ, бір бөлмелі 10 пәтер, монша салынып, қолдануға берілген. «Құрмет» орденімен марапатталған.
Дереккөздер
<references/>