Үш Императордың Одағы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

“Үш Императордың Одағы” — тарихи деректерде 1873, 1881 және 1884 ж. Ресей, Германия, АвстрияВенгрия арасында келісім деп аталған құжат. 1873 жылғы келісімге (Ресей мен Австрия-Венгрия арасындағы) 25 мамырда Шенбруннде (АвстрияВенгрия) қол қойылды. 1878 ж. 11 қазанда оған Германия қосылды. Императорлар алауыздық туған кезде келісімге келуге, төртінші бір мемлекет тарапынан шабуыл қаупі төнсе, өзара пікір алысуға міндеттенді. 1881 жылғы келісімге (Ресей, Германия, АвстрияВенгрия арасындағы) 6 маусымда Берлинде қол қойылды. Онда қол қоюшы мемлекеттер бұлардың бірі басқа бір мемлекетпен соғыса қалса бейтараптылық сақтауға, ал Түркиямен соғыс болған жағдайда бейтараптылықты арнаулы келісіммен белгілеуге, сондай-ақ Түркияның еуропалық иеліктерінде алдын ала келісімсіз аумақтық өзгерістерге жол бермеуге міндеттенді. Келісім 3 жылға жасалды және 1884 жылғы 15 наурызда тағы да 3 жылға ұзартылды. 1887 ж. ол орыс-герман келісімімен алмастырылды.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}