Үшінші Адай болысы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Әкімшілік бірлік

Үшінші Адай болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі.

Әкімшілік бөлінуі

9 әкімшілік ауылдан тұрады, 1078 үй бар. Оның 941-і көшіп-қонып жүреді. 110 үй Сағыз өзені бойында мал шаруашылығымен қатар егін салумен де шұғылданады. 10 үй Хиуа каласында, 12 үй қысы-жазы Самда болатын жатақтар.


Халқы және көшу жолдары

Негізгі рулары — Қосқұлақ, Жары. Болыс халқы жазда Сағыздың Жетікөл, Ащы, Ақжар, Байсарысына дейін көшеді. Қыста Ерлі-Көшкен, Шыбынды, Әлібек, Ащыбас, Қарақұдық, Құсшы, Қаңбақты жерлерін қыстайды. Көктем мен күзде Белсексеуіл, Барсакелмес, Қараой, Шағырлы, Жақсы және Жаман Қайрақты қоныстарына көшіп барып отырады.

Дереккөздер

  • Маңғыстау энциклопедиясы, 4том