Үшарқар-Таразы (шоқжұлдыз)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Libra charta.png
Үшарқар-таразы

Үшарқар-таразы - Сарышаян мен Бикеш арасында орналасқан зодиакалды шоқжұлдыз. Бұл шоқжұлдыз 83 жұлдыздан тұрады. Оның бәрі жай көзбен қарағанда көрінеді. Үшарқар-таразы шоқжұлдызының тек қана алты жұлдызы 4-ші жұлдыздық шамадан тұратынына қарамастан аспандағы анық зодиакалды шоқжұлдыздардың бірі. Күн бұл шоқжұлдызда 31 қазаннан 22 қараша аралығында болады. Ең жақсы көру мүмкіндігі сәуір және мамыр айларында.

Тарихы

Алғашында шоқжұлдыз жұлдыздары Сарышаян шоқжұлдызының қатарында саналған. Жеке жұлдыздар ретінде б.з.д. ІІ ғасырдан ғана Үшарқар-таразы щоқжұлдызының құрамында саналды. Бірақ, шоқжұлдыз одан ертерек б.з.д. ІІІ ғасырда Арат Солийскийдің «Құбылыстар мен болжамдар» поэмасында жазылған. Бірақ б.з.д. І ғасырдың өзінде Вергилий шоқжұлдыздың орнында Сарышаян шоқжұлдызынан бөліп Август патшаның атымен шоқжұлдыз ашуды ұсынған.

Шоқжұлдызды жекешелеу кезінде оған «Қысқаш» деген атау берілген. Сарышаянның қысқашы секілді. Сол уақытта осы жұлдыздар тобы бірде астеризм саналса, бірде шоқжұлдыз саналған. Птолемейдің «Альмагестінде» шоқжұлдыз «қысқаш» деп аталған. Сонымен қоса зодиакалды шоқжұлдыз ретінде «Үшарқар-таразы» атауы қолданылды. Бұл атаудың шығу тегі азиаттық. Үшарқар-Таразы - жалғыз жансыз зодиакалды шоқжұлдыз. Ғалымдар бұл шоқжұлдыздың кеш қалыптасуына байланысты дейді.

Кейбір авторлардың ойынша, алғашында шоқжұлдыз алтарьға ұқсас болды;одан кейін оны сарышаянның қысқашындағы алтарь немесе шам деп бейнеледі. Кейіннен қысқаштары олжасын босатып, қысқарып қалды. Қазірге дейін үшарқар-таразы шоқжұлдызының α және β жұлдыздары оңтүстік және солтүстік қысқаштар деп аталады.<ref>A Constellation of Vital Phenomena, zodiacal constellations </ref>

Жұлдыздар

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер