Үстірттің бірінші картасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үстірттің бірінші картасы<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>, Орынбордағы инженерлік, әскери-барлау және квартирмейстрлік қызмет офицерлерінің және қолда бар мәліметтер мен жергілікті жерді жетік білетін қазақтардың айтуымен түзілген. 182526 ж. Ф.Бергтің экспедиция негізінен осы картаны басшылыққа алған. Ол «Императорлық карта делосы» бекіткен ресми карта болмағанымен, кезінде өте құнды, бағалы құжат болып саналған. Орынбор генерал-губернаторы Хиуа ханына жіберген башқұрт әскерінің поручигі Субханқұловтың жүріс бағыты сол карта бойынша көрсетілуі оның біршама дәл болғандығын дәлелдейді. Жорыққа қатысушылар жазбаларында оны «Біздің карта» деп отырған. Ол туралы 1825 жылдың қарашасында полк. Ф.Берг Азия департаментінің директоры К.К. Родофининге Оралдан жазған хатында «Бұл осы қалпында-ақ осы өлке үшін үлкен пайдалылықпен қолданысқа жарайды» деп жазған. Бірақ Үстірттің бірінші картасы кейіннен жоғалып кеткен.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Үстірттің бірінші картасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}