Үлкен Қосасар қалашығы
Үлгі:Көне қалашық Үлкен Қосасар қалашығы (б. д. д. VII ғ. - б. д. ІV ғ.) – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.
Орналасқан жері
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет Ізтілеуов ауылынан солтүстік-батысқа қарай 30 км, Бидайық асар қалашығынан шығысқа қарай 10,5 км жерде орналасқан.
Сипаты
Теңіз деңгейінен биіктігі 104 м. 1948 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (С.П. Толстов) ашқан, 1973, 1976, 1978 жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (Л.М. Левина) зерттеген. 2005 жылы ҚР ҰҒА АИ ШРАЭ (Ж. Құрманқұлов) қайта зерттеп, географиялық координаттарын анықтап және суретке түсірді.
Қамал мықты екі қабатты төбе түрінде болып келген, орталық биік террасаға (биіктігі 20 м) батыстан, оңтүстіктен және шығыстан екінші төменгі терраса (орташа биіктігі 6-10 м) жалғасып жатыр. Қалашықтың жалпы аумағы шамамен 320х180 м, оның ішінде жоғарғы алаңның өлшемдері 100х85 м.
Қалашық Бидайық асардан ұзағырақ өмір сүрген (IV ғачыр соңы, мүмкін б. д. V ғасыр басы).<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Қызылорда облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері