Үлкен Келес каналы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Канал Келесский.JPG
Үлкен Келес каналы

Үлкен Келес каналыҚазақстан мен Өзбекстан бірлесіп жүзеге асырған су жүйесі. 1979 ж. құрылысы басталып, 1984 ж. алғашқы бөлігі пайдалануға беріле бастады. Жалпы ұзын 96 км-ге созылған канал 1988 ж. бітті. Оның 40 км Қазығұрт, 25 км Сарыағаш аудандарының, 31 км Өзбекстан Республикасының территориясын суландырады. Су көзі Бостандық ауданындағы Шарбақ су қоймасы. Канал сек-на 52 текше м-ге дейін су өткізуге жобаланса, іс жүзінде 35 текше м су алады. Мұндағы 16 су бөлгіш каналдар мен латоктар және жер асты су құбырлары (жабық су жүйелері) арқылы Қазығұрт ауданында 9294 га жер суғарылады. Оның 3162 га Қақпақ, 5495 га Қызылқия, 457 га Шарбұлақ, 180 га Қазығұрт ауыл әкімшіліктерінің жерін суландырады. Үлкен Келес каналына «Оңтүстік су шаруашылығы» республика мемлекеттік кәсіпорнының «Захкелес» филиалы иелік етсе, ондағы су бөлгіш каналдар мен жабық су жүйелеріне осы кәсіпорынның «Қазығұрт» филиалы басшылық жасайды.

Cілтемелер

"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}