Үлкен Алтай кенді алабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлкен Алтай кенді алабы — Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан кенді аймақ. Оның құрамына Кенді Алтай, Оңт. Алтай, Қалба-Нарым, Қандыағаш, Сауыр, Маңырақ, Шығыс Тарбағатай жоталары кіреді. 20 ғасырдың ортасында алқаптың сирек, түсті және асыл металдарының өнеркәсіптік жолмен игерілуі Ертіс өзенінің су ағынын кешенді қолдануға негізделіп жүргізілді. Алқап геол. құрылымы бойынша Қазақстан және Алтай-Саян каледониттері аралығында орналасқан герциндік қатпарлы облысты қамтиды. Оның құрамына 5 ірі кенді белдеулер кіреді: сирек металды Таулы Алтай (Mo, W), полиметалды Кенді Алтай (Pb, Zn, Au, Ag, Cu), сирек металды Қалба-Нарым (Sn, W, Ta, Nb), алтынды Батыс Қалба және алтын мен мыс, сирек металды Жарма-Сауыр. Алқаптың орт. бөлігіндегі Шар-Горностаев терең жарылымды белдемі серпентинденген меланж брекчияларымен, офиолитті біріккен тау жыныстарының будин протрузияларымен, алтын, хромит, сынап, т.б. кенденулермен оқшауланған. Үлкен Алтай кенді алабы солт.-батысында Таулы Алтай құрылымымен шекараласып, оңт.-батысында Қалба-Нарым құрылымымен бірге Ертіс белдемінің ірі терең жарылымында орналасқан. Құрамында Pb, Zn, Cu, Au, Ag, Se, Te, Ta, Bі, Cd, Қn бар кен денелері қат, линза тәрізді пішінге ие. Үлкен Алтай кенді алабы жылу-энергетик. шикізат және жер асты суларымен қатар әр түрлі бейметалл қазбаларының мол қорларынан тұрады. Мыс., алюминий өнеркәсібіне қажет отқа төзімді шикізат, кимберлитті емес алмасты тау жыныстары, фторқұрамды минералдар мен кендер, асбест, тақтатас, т.б.


Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы" 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}