Үкі Әжиев
Үкі Әжиев (23.12.1924 жылы туған, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарабұлақ ауылы - 21.05.2015, Алматы) — қазақ суретшісі, КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1957), Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының лауреаты.<ref>Казправда Үлгі:Webarchive</ref> Дулат руынан шыққан.<ref>Бердалы Оспан. Руға бөліну керек пе?</ref>
12 жасынан Қазақстан суретшілер одағы жанындағы сурет үйірмесіне қатысады. 1936 жылы Ленинград көркемсурет орта мектебінде А.Г.Сукостьяннан оқыды. Ұлы Отан соғысы жылдарында қызыл әскер қатарында болды. 1950 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірді.
Әжиев республика сурет көрмесінің бәріне белсене қатысты. Ол Англия, Гана, Нигерияда болып, қала көрінісінен бірнеше картиналар жазды. Суретшінің "Бұхара", "Самарқан" серияларына енген "Хиуа көшесі", "Шайханада", "Хау 1968 жылы" деген шығармалары ерекше көзге түседі. Мұнда Әжиев Шығыс қалаларының көріністері мен халықтың жарқын тұрмысын шынайы бейнелейді. Туған республика табиғатын танытатын "Асы жайлауы", "Алатау бөктерінде" картиналары шыншылдығымен, нақтылығымен көрінді. Әжиев Портрет жанрында да көп еңбек етті. "М.Әуезовтің портреті", "Студент қыз", "Механизатор" сияқты портреттер суретші талантының жан-жақтылығын танытады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub
- 23 желтоқсанда туғандар
- 1924 жылы туғандар
- Райымбек ауданында туғандар
- 7 мамырда қайтыс болғандар
- 2015 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Қазақстан суретшілері
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері
- Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының иегерлері
- КСРО суретшілері
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары