Үй жануарларының мәдени орталықтары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Charles Darwin 01.jpg
Чарльз Дарвин (1809-1882 ж.)

Үй жануарларының мәдени орталықтары, үй жануарларының қолға үйрету жер шарының әр түрлі құрлықтарында түрлі тарихи дәуірлерде жүргізіліп отырылды. Бұл ілімнің негізін салған Ч.Дарвин. Ол “Үй жануарлары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі” деген еңбегінде үй жануарларының қолдан сұрыптау, іріктеу арқылы ұзақ уақыттар аралығында шығарылғандығын ерекше атап көрсетті. Үй жануарларының мәдени орталықтары туралы ілімді ғылыми тұрғыда жан-жақты дәлелдеген көрнекті орыс ғалымы Н.И. Вавилов. Ол үй жануарларының эволюциялық дамуын тарихи әдіспен зерттей отырып, басты 5 және оған қоса тағы да 7 мәдени орталықты ерекше бөліп көрсетті. Вавилов әрбір үй жануарларының мәдени орталықтары сол үй жануарларының жабайы тегі таралған аймақпен тығыз байланысты екендігін көрсетті. Үй жануарларының мәдени орталықтарының бәрі де Солтүстік жарты шардағы субтропиктік және тропиктік аймақтарда шоғырланған. Қазіргі кезде ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, ғалымдар үй жануарларының басты 6 мәдени орталығын ажыратады.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}