Үйінді Жасағыш Машина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үйінді Жасағыш Машина, кеніштерден қазылып алынған бос тау жыныстарын үйіндіге тасымалдап жеткізуге арналған. Үйінді жасағыш машинаның үздіксіз әрекет ететін рельсті, шынжыр табанды, адымдағыш, адымды-рельсті түрлері бар. Оның конвейермен жабдықталған, қабылдайтын және түсіретін кертештері болады. Қабылдау және түсіру жебелерінің айналмалық дәрежесіне қарай: толық айналмалы, жартылай айналмалы және айналмайтын болып бөлінеді. Қабылдауыш құрылысының түріне байланысты кертешті немесе жеке тұрған тірегі бар көпірмен қосылған машиналар болады. Үйінді жасағыш машина көп шөмішті экскаватормен бірге құрастырылуы мүмкін. Ашық тау-кен жұмыстарында Үйінді жасағыш машина тасымалдап, түсіретін жүйеде қолданылып, конвейерлі үйінділер жабдығының жиынтығына кіреді. Әдетте ол жұмсақ тау жыныстарын үйінділеу барысында пайдаланылады. Үйінді жасағыш машина өнімділігі мен өлшемдері жағынан кең ауқымды болады. Үлкен Үйінді жасағыш машинаның өнімділігі сағатына 15000 м3, түсіру радиусы 235 м, түсіру биіктігі 67 м, массасы 6000 тоннаны құрайды. Кейде үйінді жасауға қолданылатын басқа да машиналарды (бір шөмішті экскаватор, бульдозер, т.б.) Үйінді жасағыш машина деп атайды.


Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы" 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}