Үйсіндердің қолөнері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Қолөнер буйымы.jpg
Қазақ қолөнер бұйымдары

Үйсіндердің үй кәсібі, қолөнер дамыған. Әсіресе керамика ыдыстар жасау кең өpic алған. Ыдыстар пайдаланылуы жағынан — тамақ ішетін, тамақ пісіретін және шаруашылық (азық-түлік қорын сақтайтын) ыдыстар болып бөлінеді. Тамақ ішетін ыдыстардың ішінде ағаштан (негізінен алғанда қайыңнан) ойып жасалғандары да болды, бұлар — тағандары бар шағын табақтар, текше тостағандар, ожаулар болып келеді.

Үйсіндерде құмырашылық кәсібі барынша дамыды. Ыдыстар құмырашы ұршықшасында жасалды, сондай-ақ құм толтырылған мата қалыпқа қолдан жапсырылып та жасалды. Керамиканың іш жағында және түбінде матаның таңбасы кездесіп отырады. Ыдыстың қабырғасы жолақ-жолақ болып өсіп отырады, ал жолақтар бірімен-бірі қосылған жіктер сыланып, үстінен түсті бояумен боялады. Ыдыстар түрі жағынан да, пайдаланылуы жағынан да алуан түрлі болды. Ең көп таралған ыдыс түрлері мыналар: дөңгелек кең түпті тегенелер, олар ішінен жиегі иілген, тік жиектілері сирек, бүйірінің биіктігі мен диаметрінің арақатынасы 2: 1; түбі дөңгелек немесе сирек болса да, жайпақ және аузы тар тостағандар. Жалпы алғанда алмұрт тәрізді болып келетін құмыралардың ерекшелігі — мойны тар, биік немесе түбі кең болады. Текше тостағандар екі түрлі: аласа жатаған (биіктігі мен диаметрі бірдей) және биік. Тұтқалары ілмек тәрізді немесе шығыңқы етіліп, бүйірінің ортасына немесе ернеуіне бекітілген, биік текше тостағандарға бүйірінің ортасында ғана болатын тұтқа тән. Козелердің аузы тар немесе кең, түбі жайпақ және иіні ішке қарай сәл иіліңкі болады. Ac пісіретін керамикадан табылғаны — жентектелген балшықтан қаралай күйдіріліп, алуан түрлі көлденен және тік құлақ шығарылған, қалың, жайпақ қазандар.

Үйсін ыдыстарының негізгі түрлері — жарты шар тәріздендіріліп жасалған тегенелер мен кеселер, ілмек тұтқалы текше тостағандар, алмұрт тәріздес құмыралар, бүйірі қалың тобатайлар, жапсырма құлақ шығарылған қазандар. Тұтқасы мен шүмекшесі бар шәугімдер, тікше құтылар, су таситын шүмекшелі құмыралар кездеседі. Біздің заманымыздың басындағы керамикаға қызыл түс пен бүйірінің тіктігі тән. Кейінгі кезенде, III—V ғасырларда, түбі дөнгелек ыдыстар аз кездеседі, жайпақ түптілері көбірек ұшырасты.

Ежелгі үйсіндердің шаруашылығында темір, мыс және асыл металдарды қазып алу, қорыту және өндіру маңызды орын алды. Темірден, мыс пен қоладан еңбек құралдары, тұрмыс және табыну заттары — балталар мен шоттар, орақтар мен пышақтар, біз бен шеге, қазандар мен құрбан шалатын ыдыстар, кішкене мехраптар мен шырағдандар, қару-жарақ, қанжарлар мен жебелердін үштары және сәндік заттар — білезіктер, сырғалар мен сақиналар жасалды. Алтьшнан ерлер мен әйелдер киімінің, бас киімінің және қаруының әшекейлері, көлемі мен бітімі әр түрлі қаптырмалар жасалды.

Зергерлік бұйымдар

Зергерлік бұйымдарыалтын, мыс немесе қола сымнан бұрап жасалған, асыл тасты алқалары бар сырғалар, қола түйреуіштер болып келеді, олардың бір шетіне құстың мүсіндік бейнесі салынады, әдетте мүсіндер өз ерекшеліктеріне барынша бейімдей жасалады.

Жұқа жапырақша алтыннан сақиналар мен қаптырмалар жасалды. Соңғы үйсін дәуірі кезінде зергерлік заттарға түсті тастардан көз салу таралды. Полихромдык өнердің мұндай ескерткіштерінің тамаша үлгілері қызыл тастан түйірлеп көз салған, бедерленген алтын салпыншақтар Ақтас- 2 қорымын қазып ашқанда табылды. Асыл және бағалы тастар — анық, гayhap, перуза моншақ жасауға пайдаланылды.

Алматыға жақын жердегі Қарғалы шатқалынан табылған алтын бұйымдар ежелгі үйсіндердің зергерлік өнерін мейлінше айқын сипаттайды. Табылған заттардың ішінде айыр өркешті түйенің мүсіні салынған екі жүзік, таутекелердің он мүсіні, адамды кеміріп жатқан тышқан бейнеленген сыр- га, көптеген қаптырмалар бар. Бұл бұйымдардың бәрі алтыннан жасалып, перузадан өрнек салынған. Ерекше бір көз тартатын нәрсе — Қарғалыдан табылған тәті. Бұл — жалпы ұзындығы 35 см, ені 4,7 см екі бөлектен түратын алтын жолақ, жолақтың жоғарғы жағына да, төменгі жағына да ені 0,5 см жиек жүргізілген. Оның ішкі беті толған күрделі өсімдік тектес өрнектің ортасында тұрған аңдардың, құстардың, адамдардың бейнелері; бұлар қалыппен қысу әдісімен салынған. Мұнда басын артқа бұрын салынған марал, ұрғашы марал, олардың арасында ұшып жүрген құс, онан кейін үстіне адам мінген, андып басып келе жатқан қанатты жолбарыс бейнеленген; адам басын артына бұрып, қолымен ағаштың бұтағынан ұстап отыр. Онан әрі тұғырда тұрған қанатты ат бар. Тәтінің екінші жартысында жүгіріп келе жатқан аждаһа бейнеленген, оның үстінде сол қолымен аждаһаның мүйізінен ұстап алған адам отыр. Адамның үстінен қаз немесе үйрек ұшып бара жатыр. Онан соң тағы да тұғыр үстінде тұрған қанатты аттың суреті бар. Ақырында, бейнелердің соңғы тобы - ұшып жүрген құс, арқасында адам бар шауып келе жатқан таутеке, төбесінде құстар ұшып жүрген аю, олардың үстінде тағы да арқарга салт мініп алған адам бейнеленген. Адамның қолында гүл бар. Жануарлардың көздері түсті ақық пен альмандиннен салынған, денелерін оймыш-оймыш перуза жолақтарымен өрнектеген.

Тәті ежелгі заман қолөнерінің тамаша ескерткіші болып табылады. Тегінде тәтіде үйсіндердін діни ұғымдары мен мифологиясы бейнеленген болуы керек. Үйсін қоғамында тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан, сүйектен бұйым жасау ісі де дамыған. Жіп иіру мен тоқымашылық киіз басу, үйде жүннен киім тоқып тігуді қамтамасыз ететіндей едәуір ауқымда болган. Мата тоқу үшін қарапайым тоқыма станогы (қазақтардың «өрмегі» сияқты) қолданылған, Ақтас-2 қыстау-қонысын қазған кезде нірілген жіпті орап отыратын айқыш-үйқыш орналасқан 4 тесігі бар сүйек қалақша табылды. Үйде мата тоқылғанын бүйірінің ішкі жағында матаның ізі қалған ыдыстар да дәлелдейді, ал олардың көп табылғаны және жалпы жұртқа мәлім екені белгілі. Былғары ісі - жануарлардың терісін өңдеу және аяқ киім (Қызылауыз қорымының обалы қабірінен табылған былғары аяқ киімнің жұқаналары), ішік, тері шалбар мен бешпент тігу үшін тері илеу, теріден ыдыстар мен ат әбзелдерін дайындау кеңінен дамыды.

Тастан еңбек құралдары

Тастан еңбек құралдарыкетпен, диірмен, келі; тұрмыс заттары мен сәндік заттар — ұршықбас, мұсат, қайрақтас, түрлі түсті асыл тастан моншақтар жасалды. Сүйектен жұмырлағыштар, жебелердің ұштары (Ақтас-2 қонысы) істелді, сүйек түймелер мен баска да ұсақ заттар шаруашылық пен тұрмыста пайдаланылды.<ref>«Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59 ISBN 978-601-282-026-3 </ref>

Дереккөздер

<references/>