Үдек

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үдек, Өдек – Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген бірнеше құдығы бар тарихи жер.

Атаудың сөзжасамдық сипаты

М.Қашқари сөздігінде үдек «құм арасында кездесетін қатты жер».<ref>Үлгі:Кітап</ref> Ал түркі тілдерінде үдек - өзек сөзінің бір варианты ретінде қолданылады.<ref>Үлгі:Кітап</ref> Атаудың мағынасы «сай-салалы жерден қазылған құдық».<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Орналасқан жері

Түпқараған түбегіндегі Сарытас шығанағының оңтүстігіндегі беткейде орналасқан. Жалбарт шатқалына қараған сай тұйығын жиектей қазылған. Суы кермек тартады. Аңыз деректері Үдек Шыңғыс хан шапқыншылығы кезінде Маңғыстауды билеген түрікменнің ханы Өдектің қонысы дейді. Соның ақиқаттығын айқындайтын ежелгі қорымдық, қорған орындары сақталған. Үдектен Сарытасқа шығатын тіке жол бар. Жолдың шығыс қапталында сай тұйығында бір түп тұт ағашы өскен.<ref>«Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006;</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер