Құтлық қаған жазуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құтлық қаған жазуы - Моңғолияның Орхон өзені бойындағы көне заманғы жазба ескерткіш. Түркологиялық әдебиеттерде табылған орнына қарай Онгин ескерткіші деп те аталады.

Құтлық қаған жазуы

Жазу екінші түрік қағандығын орнатып, 692 жылы қайтыс болған Құтлық қағанға арналған. 12 негізгі және 4 қосымша жолдан тұрады. 1891 жылы Н.Я.Ядринцев Құтлық қаған жазуын тапқан, В.В.Радлов оның тұңғыш аудармасын жасап, баспаға шығарды. Бұдан кейін де аударғандар: Х.Н.Оркун, С.Е.Малов, Г.Глаузон. Жазуда Құтлық қағанның, Білге қаған және Күлтегіннің әр түрлі жорықтары баяндалады. Тұңғыш түркі қағандығын орнатқан Бумын қаған жөнінде кейбір деректер кездеседі: «Ата-бабамыз Бумын қаған дүниенің төрт бұрышын қысты, жиды, оны кеңітті, басты. Ол хан жоқ болғаннан кейін ел жітті, жан-жаққа қашып тарады». Мұнда орхон ескерткіштерінде кездеспейтін кейбір таңбалар ұшырасатындықтан, В.В.Радлов Құтлық қаған жазуын Орхон-Енесай жазбалары аралығындағы жазуға жатқызады.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>