Құс тұмсықты таспа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Құс тұмсықты астрагал (Үлгі:Lang-la) - бұршақ тұқымдасы, таспа туысына жататын көп жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 2-14 см.
  • Сыртын ұзын әрі қалың түк басқан.
  • Екі жағын ақ сұр түк басқан эллипс тәрізді 6-8 жұп жапырақтары сабағында кезектесіп орналасқан.
  • Гүлшоғыры қысқа 3-10 гүлшоғынан тұрады. Тостағаншасы қалың түкті, тісшелері жіп тәрізді. Күлтесінің ұзындығы 25 мм, сары түсті. Бұршаққабы орнықты, ұзындығы 5 см-дей, тұмсығы үшкір цилиндр біз тәрізді. Сыртын түк басқан, піскен кезде аздап иіліп тұрады.
  • Тұқымынан көбейеді. Мамыр-маусым айларында гүлдеп, маусым-шілдеде жеміс салады. Таудың тасты баурайларында, тау етегінде дала өсімдігінің арасында өседі. Сирек кездесетін эндемик, саны азайып бара жатқандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген

Өсетін жері мен таралу аймағы

Қазақстанда Жетісу Алатауында, Алакөл көлінің батыс жағалауында кездеседі. Таудың тасты баурайларында, тау етегінде дала өсімдігінің арасында өседі.
Сирек кездесетін эндемик, саны азайып бара жатқандықтан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер