Құс синуситі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құс синуситі - құс танауының және танау кілегей қабығының қабынуы.

Ауру себептері мен салдарлары

Бұл ауруға барлық құстар, әсіресе балапандар көп шалдығады. Ауру құстың тоңуынан, қораның ылғалдылығынан болады. Құс танауынан аққан сұйық қабыршықтанып кеуіп, тыныс алу жолдары бітеледі, тыныс алуы қиындап, мұрны шуылдап, мойнын созып, аузын ашады. Құстың көзі былшықтанып, көзінің алды ісінеді. Уақытылы емдемесе балапан тұншығып өледі.

Емі

Ауру құстың танауына 1-2%-тік протаргол ерітіндісін немесе 2%-тік бор қышқылын тамызады. 30%-тік альбуцит не антибиотиктер - пенициллин, террамицин ерітінділерін де пайдаланады. Құсты, балапанды, құрғақ, жылы қорада ұстау Құс синуситі ауруынан сақтайды.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>