Құсайынов Амангелді
Құсайынов Амангелді <ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>(1942 жылы туған, Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылы) – ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1991), профессор (1991), КСРО Жоғары мектебінің үздігі (1980). ҚазМУ-ды (1969), оның аспирантурасын (1976) бітірген. 1960 – 63 жылдары Үлгілі 7-жылдық мектебінде мұғалім болды, 1963 – 66 жылдары Қызыл армия қатарында азаматтық борышын атқарды. 1969 – 70 жылдары Алматы медициналық институтында оқытушы, 1970 – 76 жылдары Алматы қаласында партия органдарында, 1976 – 92 жылдары ҚазМУ-де аспирант, аға оқытушы, доцент (1987–92), проректордың орынбасары, проректоры (1980 – 87), аға ғылыми қызметкері болды. 1992 жылдан Ақмола педагогикалық институтында (қазіргі ун-т) ректор. Негізгі ғылыми зерттеулерінің бағыттары – Қазақстан тарихының мәселелері. 40-тан астам еңбектің оның ішінде 3 монографияның авторы, Орден және медальдармен марапатталған.
Дереккөздер</span>
<references/>