Құрқылтай тұқымдастар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Құрқылтай тұқымдастар (Үлгі:Lang-la) – торғайлар отрядына жататын құстар.

Биологиялық сипаты

  • Дене бітімі кішірек. Денесінің ұзындығы шамамен 120 мм, салмағы 20 г-дай.
  • Бастары көбінесе сұр түсті, бастарындағы қара жолағы ерекше көзге түседі.
  • Тұмсығы – жіңішке, үшкір, қалыпты ұзындықта.
  • Қанаттары мен құйрықтары қара түсті, ақ жолақтары бар. Құйрығы дөңгеленіп біткен, құйрығы қанатынан қысқа, қауырсындары жұмсақ, қалың, қоңыр түсті, құрсақ тұсы ақ келеді.
  • Аяғы – қысқа , алайда табаны – мықты, жақсы дамыған артқы саусағы бар; тырнақтары – ілмектенген, тұтқыр.

Қорегі, тіршілік сипаты

Жәндіктер және қоңыздармен қоректенеді, алайда жылдың суық мезгілінде өсімдік тұқымдарын да жейді.
Бұл тұқымдасқа жататын құстардың көбі ұясын қолғап тәрізді етіп, қамыс немесе талдың бұтақтарына өсімдік талшықтары мен мамықтан салады. Бүйірінен аузы шығарылған жабық ұясы ерекше құрылым. Ұяға 5-10 ақ түсті жұмыртқа салады. Балапандары жұмыртқаны 14 күннен кейін жарып шығады.

Таралу аймағы мен өрісі

Еуропа мен Азияда 51° солтүстік ендікке дейін тараған. Қазақстанда Еділ-Жайық аралығында, Елек өзен (Ақтөбе облысы), Талас, Шу өзнедері тоғайларында (Жамбыл облысы), Балқаш-Алакөл алабының қамысты-құрақты жерлері мен ормандарында, Іле, Талас Алатауларында мекендейді. Бұл тұқымдасқа жататын құстардың кейбір түрлері жыл құсы, кейбірі жыл бойы Жерорта теңізі аймағын тұрақты мекен етеді.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>
Еуразия, Африка және Солтүстік Америкада қоныстанатын құстардың тұқымдасында 4 туысқа жататын 10-125 түрі бар. Қазақстанда тұқымдастың негізгі туысына жататын 3 түрі кездеседі: кәдімгі құрқылтай (Remiz pendulinus), қарабас құрқылтай және қамысшыл құрқылтай (Remiz macronyx).<ref>К45 Құстар.Мектеп энциклопедиясы («Қазақстан жануарлары» сериясы. Алматы : Атамұра , 2010 . – 352 бет ). Ковшарь А.Ф . Ковшарь В. А.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер