Құрық минералды суы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құрық минералды суыМаңғыстау облысы Қарақия ауданындағы Құрық ауылында орналасқан минералды су көзі.

1961 жылы ұңғыма бұрғылау кезінде табылған. Температурасы 69,70С, тәулігіне 1235 м3 су шығатын бұл шипалы су қоры 966 — 1031 м тереңдіктегі құм қабатында жиналған.

Құрамы сульфатты-хлорлы-натрийлі, аздап сілтілі, минералдылығы 8,1 — 8,8 г/л. Азоты басым болып келетін газ құрамында литріне 11 мг-ға дейін күкіртті сутегі, микроэлементтерден марганец, темір бар. Су қоры негізінде 1972 жылдан “Қарақия” санаторийі жұмыс істейді. Шипалы суды ішуге, шомылу үшін де пайдаланады<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Құрық минералды суы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}