Құрылысгаз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Құрылысгаз» АҚ - жоғары не орта қысымды магистралды газ, мұнай және су құбырларын тартып, жөндеуден өткізумен, сондай-ақ мәдени-өнеркәсіптік ғимараттар салумен айналысатын кәсіпорын. 1992 жылы 30 қаңтарда құрылды. Әкімшілік корпусы Орал қаласының Достық-Дружба даңғылындағы 198-үйде орналасқан. Акционерлік қоғам ауқымды құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған техникамен, қажетті материалдармен жабдықталған. Жұмыс сапасын тексеретін арнаулы лабораториялары бар. Кәсіпорын ұжымы Батыс Қазақстан облысы аумағында жалпы ұзындығы 469,2 км-ден аса құбыр тартып, Казталов, Ақжайық, Жәнібек, Зеленов, Бөрлі ауданының елді мекендерін газбен қамтамасыз ету жұмыстарын сапалы атқарды. Сондай-ақ Бөрлі ауданының орталығына ауыз су жеткізетін Ақсай-Бестау құбырын іске қосты. 1999 жылы Орал қаласында 60 пәтерлік тұрғын үй салды.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub