Құрманбаев Мырзалы Ақынқожаұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құрманбаев Мырзалы Ақынқожаұлы1966 жылы 15 мамырда Алматы облысы, Шелек ауданы, Шелек ауылында туған. 1990 жылы Қазақ педагогика институтының физика-математика факультетін бітірген.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

1984-1986 жылдар аралығында әскери борышын Ауғанстанда өтеп қайтқан. 1985 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының "Воину-интернационалисту" марапаттау қағазымен, 1986 жылы "От благодарного афганского народа" медалімен марапатталған. 1990-2001 жылдары сол кездегі Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақтын педагогикалық ғылыми-зерттеу институтында (қазіргі Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясында) ғылыми қызметкер болып еңбек еткен. 1997 жылы "Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі" белгісімен марапатталған.

2001 жылдан "Мектеп" баспасының компьютер бөлімінің меңгерушісі болып қызмет жасайды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}