Құрбан Әбдірәсілов
Құрбан Әбдірәсілов<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>(1932 жылы туған), ұйғыр актері. ҚазКСР-інің халық артисі (1987). 1956 ж. Ташкент театр-көркемсурет институтының актерлік факультетін бітіргеннен кейін, Алматыдағы Ұйғыр музыкалы комедия театрына қабылданды. Алғашқы ойнаған елеулі рөлі - Қ. Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында» спектакліндегі Әнуар Әбдірәсілов негізінен өткір мінезді рөлдерді орындаумен көрермендер сүйіспеншілігіне бөленді. Әуезовтің 1968 ж. ұйғыр театры сахнасында қойылған «Айман-Шолпан» комедиясындағы аңғал, адуын батыр Көтібардың рөлін шебер орындады.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify