Құрбан Непесұлы Аманиязов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым

Құрбан Непесұлы Аманиязов (1932 ж. т., Форт-Шевченко қаласы) – геолог-ғалым, геологиялық-минерал ғылыми докторы (1968), профессор. (1970), Түрікменстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1981).

Өмірбаяны

Түрікменстан мемлекеттік университетін бітірген (1957).

1960 - 1968 - Түрікменстан Ғылым Академиясының Геология институтының аға ғылым қызметкері, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болды.

1968 - 1981 - Түрікмен мемлекеттік университетінің физика-география кафедрасының профессоры болды.

1988 - 1992 - Түрікмен мемлекеттік университетінің геология институтының директоры болды.

1988 - 1992 - Түрікмен политехникалық институтының кафедра меңгерушісі болды.

1992 - 1995 - Түрікменстан Ғылым Академиясының Каспий теңіздің экологиясында лаборатория меңгерушісі болды.

1995 жылдан Ақтау университетінің кафедра меңгерушісі қызметін атқаруда.

Ғылыми еңбектері

Тұран ойпатының мұнай, газ, көмір, күкірт, тұз, т.б. кен байлықтары, Копетдаг, Балқан, Гиссар тауларының, Үстірттің және Каспий теңізінің геологиясы туралы жазылған 300-ге тарта ғылыми еңбектердің, 20 монографияның авторы. «Биостратиграфия және Түрікменстанның жоғарғы юра қабаттарының зоогеографиясы» (1971), «Түрікменстанның оңтүстік-батыс өңірінің мұнай-газ кен орындарының геологиясы» (1985), «Палеография және Орта Азияның батыс аймағының жоғарғы юра қабаттарының қазбалы байлықтары» (1989), «Түрікменстанның солтүстік-батыс, Маңғыстаудың оңтүстік аймағы мен Үстірттің мезозой қабаттарының геологиялық құрылысы» (1989), т.б. монографиялардың авторы.

Аманиязов Абайдың қара сөздерін, қазақ ертегілерін түрікмен тіліне аударған..<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Марапаттары

  • «Жоғары оқу орындарының үздігі» (1981).
  • Түрікменстан Жоғарғы Кеңесінің грамотасы (1982).
  • КСРО-ның Бүкілодақтық халық шығарма көрмесінің алтын медалі (1984).
  • Халықаралық геологтар 27-конгресінің алтын медалі.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Құрбан Непесұлы Аманиязов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}