Құралбай Өмірзақұлы Озғамбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құралбай Өмірзақұлы Озғамбаев 1962 жылы 6 қыркүйекте Түркімен КСР Красноводск облысы Балқан ауданының Уфра кентінде туған. қазақ. Әкесі - Озғамбаев Өмірзақ, Маңғыстау облысының әкімі жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы. Алматы сәулет-құрылыс институтының өнеркәсіптік құрылыс факультетін (1986) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша; Орталық Азия университетін (2004) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі 22 мақаланың авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2002 жылдан). 1979 жылдан - «Коммунистік жол» газеті редакциясының тілшісі (Шевченко). 1981 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Маңғышлақ облыстық комитетінің нұсқаушысы. 1983 жылдан- «МаңғыстауМұнайГазҚұрылыс» тресі комсомол комитетінің хатшысы, 1986 жылдан - ҚБ аға инженері, шебері, жұмыстарды ендірушісі, бас инженері, инженер-диспетчері. 1991 жылдан - Маңғыстау облыстық мәдениет комитеті терағасының орынбасары. 1992 жылдан - «Құрдас» ШК; «Қуан» ШК; «Қурас» ШК директоры. 1995 жылдан - «Құрас» АТАҚ президенті (Ақтау). 1996 жылдан - «Құрал» ЖШС директоры (Алматы). 2002 жылдан - Маңғыстау облыстық Ішкі саясат департаменті ұйымдастыру белімінің бастығы. 2003 жылдан - Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары. 2005 жылдан бері - «Маңғыстауреставрация» арнайы ғылыми-реставрациялық ендірістік шеберханасы» ЖШС директоры (Ақтау). Маңғыстау облысы бойынша Сайлауды бақылау женіндегі республикалық бірлестіктің терағасы (2003 жылдан). ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің (2008), Маңғыстау облысы әкімінің (2009) құрмет грамоталарымен марапатталған. Мәдениет қайраткері (2009). Діни кезқарасы - ислам. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, Қ.Е. Көшербаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеген; әлемнің үздік 20 елінің қатарына қосылады». Хоббиі - фотография. Үйленген. Жұбайы - Шағырова Айтжан Жаңбырбайқызы (1962 ж.т.), «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ инженері. ¥лдары - Озғамбаев Жасұлан Құралбайұлы (1986 ж. т.), студент; Өмірзақ Еркебұлан Құралбайұлы (1992 ж. т.), студент; қызы - Өмірзақ Інжу Құралбайқызы (1994 ж. т.), оқушы.

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub