Құралай Бибітәліқызы Оразаева
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Құралай Бибітәліқызы Оразаева (10.8.1961 жылы туған, Ақтөбе облысы Шалқар қаласы) — филология ғылымының докторы (2001).
Білімі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогигалық институтын (1983, қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар пед. университеті) және Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1993) бітірген.
Еңбек жолы
ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) стажерізденуші, Ақтөбе педагогикалық институтында аға оқытушы (1983–1989), Ақтөбе мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (1993–1997 және 2001 жылдан).
Ғылыми еңбектері
- «Историко-биографический роман в русской и казахской литературах XX века: Ю.Н. Тынянов и М.О. Ауэзов. Сравнительно-типологический анализ» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
- 20-дан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы.<ref>"Қазақ энциклопедиясы"</ref>