Құнақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құнақ<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>(Frіngіllіdae) – әнші торғайлар отрядына жататын тұқымдас.

  • Жер шарында кең таралған, 33 туысқа бірігетін 133 түрі, ал Қазақстанда 18 туысы, 32 түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Дене тұрқы 10 — 22 см, салмағы 7 — 100 г-дай.
  • Басы домалақ, мойны қысқа. Көп түрінің тұмсығы жуан әрі мықты. Мекиені қоразына қарағанда ашық реңді келеді. Топтасып ұшады, көбейген кезде жеке-жеке жұп құрады. Жұбымен жүріп ағаштың бұтағына, жерге, жартас жарығына ұя салады. Кейде ұясын өсімдік сабағы не бұтағынан тоқып та жасайды. Табақша тәрізді ұясының аузы ашық болады.
  • Ұядағы 3-7 шұбар жұмыртқаны мекиені 2 аптадай басады. Құнақтар өсімдік және оның дәнімен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Құнақтардың ішінде Арал теңізінен Алакөл ойпаңына дейінгі аймақта кездесетін — шөл Құнағы (Rhodospіza obsoleta) бар. Бұл салмағы 22 — 28 гр-дай болатын кішкентай құс. Реңі қоңырқай құм түстес, бауыры ақ, құйрығы мен қанаттары ақшыл қауырсындармен көмкерілген. Қанаты жылтыраған қызғылт дақты. Тұмсығы қара түсті.
  • Жыл құсы ұясын ағаш, бұта басына салып, онда 4 — 6 көгілдір, ақ түсті жұмыртқасын басады. Наурызда ұшып келіп, қазанда жылы жаққа ұшып кетеді. Бір жылда 2 рет балапан ұшырады. Тек дәнмен қоректенеді. Құнақтардың 3 түрі және 1 түртармағы Халықаралық табиғат қорғау одағыныңҚызыл кітабына” енгізілген.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Таушымшықтар


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Құнақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}