Құнабаева Әмина Жүсіпқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құнабаева Әмина Жүсіпқызы - 1969 жылы 28 қазанда Түрікменстанның Ташауыз ауданы, Таза-Ярмыш ауылында туған. 1986 жылы Қарақалпақстанның Тахиа-таш қаласында Беруни атындағы орта мектепті бітірген. 1994 жылы Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институты жаратылыстану-география факультетінің химия-биология бөлімін бітірген. Еңбек жолын 1994 жылы сол кездегі "Рауан" (қазіргі "Мектеп") баспасында өндіріс бөлімінде бастап, өндіріс-маркетинг бөлімдерінде маман, корректор, үйлестіруші редактор қызметтерін атқарған. 2001 жылдан аталған баспаның "Қазақ редакциясында" редактор. <ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}