Құмтекей
Үлгі:Көне қалашық Құмтекей – ежелгі қала орны.
Орналасқан жері
Алматы облысы, Кеген ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км, Кеген өзенінің сол жағасында (2 км) орналасқан.
Сипаты
Қала ауқымы шығыстан батысқа қарай 2 км, оңтүстіктен солтүстікке қарай 1 км. 1895 жылы Ларионов, 1898 жылы В.Д. Городецкий, кейіннен Л.Ф. Семенов, 1956 жылы Е. И. Агеева бастаған Жетісу археологиялық экспедициясы, 1957 жылы археолог К.А. Ақышев, Г.А. Кушаев қала айналасында зерттеу жүргізіп, Темірлік, Кенбұлақ, Ұзынбұлақтан мыс қорытылған кен орындарын, көптеген қорған, обаларды тапты. Соған қарап ғалымдар бұл өңірде ежелгі заманда ірі мәдениет орталығы болған деген қорытындыға келді. Жазба деректерден белгілі 630 мың халқы болған Үйсін мемлекетінің астанасы Шығу қаласы Ыстықкөлдің оңтүстік-шығысында, яғни қазіргі Қарқара, Құмтөкей маңында болуы керек.
Құмтекей орнынан күйген қыш, кірпіш, құмыра ыдыстар табылған.<ref>Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2006. – 768 б.ІSВN 9965-26-175-Х</ref>