Құмсай мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны Құмсай мұнай кен орны - Ақтөбе облысы, Темір ауданында, Темір қаласынан оңтүстікке қарай 70 км жерде. Кен орнының құрылымы 1948 жылы геологиялық түсіріммен анықталып, барлау жұмыстары 1959-1963 жылдары жүргізілген. Кен орны 1960 жылы К-І ұңғымасын тексеру кезінде ашылған.

Геологиясы мен сипаты

Өнімді горизонт ортаңғы юра шөгінділерінде (жатыс тереңдігі 270-285 м) қалыптасқан. Мұнайға қаныққан қабат 7 м, кейде 23 м, сіңіру коэффициенті 0,8. Ашық кеуектілігі 18%, өткізгіштігі 0,688 мкм2. Жабыны ортаңғы юра саздары және юра шөгінділеріне шайыла жайылған Готерив жікқабатының сазды қабаттарынан түзілген.

Құрамы

Мұнайы ауыр (0,939 г/см3), күкіртті (0,71%), парафині аз (0,36%), мол шайырлы (32,2%). Бастапқы қабат қысымы 2,26-2,46 МПа, температурасы 13°С. Ұңғымалардағы мұнайдың тәуліктік өнімділігі 0,82-2,5 м3, газ қанығушылығы 1,2-1,9 м3/т. Мұнайдағы еріген газ құрамы бойынша ауыр, этанды. Ауыр көмірсутектердің үлесі 40%, метан 58%, азот 0,15%. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер