Құмкешу ауылдық округі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құмкешу ауылдық округыАмангелді ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Құмкешу, Айтбай, Құстөбе ауылдары кіреді.

Тұрғыны 0,9 мың адам. Орталығы – Құмкешу ауылы.<ref>Қазақ энциклопедиясы Х том</ref> 100 мектеп 100 ауыл бағдарламасымен Құмкешу ауылына 2008 жылы жаңа мектеп салынды.

Тарихы

Сурет:Qumkeshu.jpg
Құмкешу Ауылының аймақтық картасы

Құмкешу атауының мәні – ауылға кіретін жол құм жотаның үстімен өтеді. Ауылға жеткенше табаныңа майдай тиетін майда құмды кебісіңе толтырып кешіп барасың. Амангелді сарбаздары атының тұяғы дүбірлеткен бұл ауылдың үстінде 1916 жылы үлкен ұрыс болған. Ол да тарихта “Құмкешу шайқасы” деген атпен қалды.

Табиғаты

Құмкешу ауылын Торғай өзені басып өтеді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Kz-geo-stub