Құмкент (көне қала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құмкент– ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының орталығы Шолаққорғаннан 37 км жерде орналасқан.


1946 ж. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан), 1947 ж. Оңтүстік Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген. Марғұланның пікірінше, Құмкент араб деректерінде кездесетін Камукент қаласының орны.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> Ол 13–14 ғасырларда Таластан Сайрамға қарай созылған керуен жолы бойындағы ірі сауда орталығы болған.

Құмкент айнала қорғаныс дуалмен қоршалған. Базары дуалдың сырт жағына орналасқан. Қазіргі уақытта қаланың қираған орны төбеге айналған. Биіктігі 20 м, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 450 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 300 м. Жоғарғы бетіндегі алаңның аумағы 200х160 м. Солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс қабырғаларын жағалай салынған дуалдың орташа биіктігі 0,5 м. Алаңның оңтүстік шетінде тік бұрышты, ауданы 28х30 м, биіктігі 0,5–11 м болатын қамал орны бар. Қалашықтың сыртқы жағында 3 м жерден қаланы қоршаған биіктігі 1,5–2 м дуалдың орны сақталған. Оның сыртынан қазылған ордың ені 10–20 м. 20 ғасырдың 50-жылдары жүргізілген қазба кезінде түрлі ғимараттар орны ашылып, археологиялық материалдар: ыдыстар, мөр-сақина, ұршықтың бастары, т.б. заттар табылды. Табылған ескерткіштерге қарағанда қаланы адамдар 10–15 ғ-ларда мекендеген.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>


Деректерге қарағанда шығыстан Талас өзені, Қаратаудан Бүркітті мен Шабақты өзендері құйған кезде тасыған су Мойынқұмның күнгей бетімен, Шу өзенімен қапталдаса ағып осынау "Ақжайқын", "Жабыкөл", "Телікөлге" құйған екен. Өзеннің арансы күні бүгінге дейін сақталған. Құмкенттің айналасы "Мыңкөл" аталып, олардың негізгілері Ақжар, Үйреккөл, Қаракөл, Теспе, Домалақкөл, Бүйреккөл, Егізкөл,, Қоржынкөл деп аталған. ну қамыс өскен көлдердің арасына орналасқан Құмкент шаһарының ертеректе "Көкарал" аталуы да осыдан болса керек.<ref>Сүлеймен Тәбірізұлы, "Созақ өңірі". 134-бет. - Алматы, "Дәуір" баспасы. ISBN 9965-749-84-1.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті