Құмдықбоз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Құмдықбоз (Үлгі:Lang-la) – астық тұқымдасының қау туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 30-100 см, тамыры шым түзеді.
  • Сабағы түксіз, буын асты түкті.
  • Жапырағы жіңішке таспа тәрізді, кейде ширатылған, ені 0,5-2 мм. Масақшалары ақшыл, ұзындығы 3-5 см, гүл қаузының төменгі бөлігі түксіз, жоғарғы бөлігі қауырсынды.

Өсетін жері мен таралу аймағы

Еуропа, Кавказ, Орта Азияда кездеседі. Қазақстанда Ертіс алабы, Ақтөбе облысы, Мойынқұм құмында (Оңтүстік Қазақстан аймағы), Каспий теңізі маңында, Алтай тауларында, Жетісу (Жоңғар), Қырғыз Алатауларының шалғынды жерлерінде, тау бөктерінде өседі. Өте құнарлы мал азығы.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер