Құмбидайық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Құмбидайық, құмеркек (Үлгі:Lang-la) – астық тұқымдасының бидайық туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 50 – 100 см, тамыры тығыз шым түзейді, сабағы тік, жапырақ қынабы түксіз кейде қалың түкті.
  • Жапырағы жіңішке, таспа тәрізді, кейде ширатылған.
  • Масағы тығыз, ұзындығы 5 – 15 см, ені 5 – 12 мм, түкті, масақшалары солғын жасыл түсті, 5 – 9 гүлді. Төменгі гүл қабыршығы тегіс, ұзындығы 6 – 9 мм. Маусымшілде айларында гүлдейді.

Өсетін жері мен таралу аймағы

Қазақстанда таулы аймақтан басқа барлық жерде өседі. Құрғақшылыққа, суыққа төзімді. Құмды жерлерде құнарлы мал азығы.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер