Құмбетеге

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Құмбетеге (Үлгі:Lang-la) – астық тұқымдасының бетеге туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 30-80 см. Қалың өсіп шымға айналады.
  • Сабағы жоғарғы жағында түкті.
  • Жапырақтары қатты, ширатылып немесе ұзыннан қабатталып өседі.
  • Гүлшоғыры - сыпыртқы, ұзындығы 14 см.
  • Масақшасы 4-6 гүлді, сұр жасыл түсті. Мамыр-шілде айларында гүлдейді.

Өсетін орны мен таралуы

Құмбетеге Ресейдің еуропалық бөлігінде және Батыс, Шығыс Сібірдің қоңыржай белдеуінде, Кавказда, Финляндияда, Швецияда, Данияда, Шығыс Еуропаның кейбір жерлерінде кездеседі. Қазақстанда Ертіс алабында, Каспий теңізі жағалауында, Ақтөбе облысының құмды бұйраттарында, сортаңдау топырақты құмайт далада өседі. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

<references/>