Құмар Екібаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Құмар Екібаев (1937 жылы туған, қазіргі Атырау облысы) – ауыл шаруашылығы саласының қызметкері. Атырау ауыл шаруашылық техникумын (1965), Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (қазіргі ҚазҰАУ) бітірген (1969). 1965 жылы Жылыой ауданы «Ембі» кеңшарында техник-механик, 1970 – 92 жылы Бейнеу ауданы «Қарақұм» кеңшарында ферма меңгерушісі болды. 1994 жылдан жеке шаруашылықпен айналысады. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған (1978).<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref> <ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref> <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>
Дереккөздер
<references/>