Құмарова Шәрбану

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құмарова Шәрбану 1936 жылы, 13 мамырда Алматы облысының Есік қаласында туған. 1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің (бүгінгі ҚазҰУ) филология факультетін бітіреді. Сол жылы "Қыз сыры" атты тұңғыш әңгімелер жинағы жарық көреді. 1961-1966 жылдары "Социалистік Қазақстан" ("Егемен Қазақстан") газетінде әдеби қызметкер, 1966-1968 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, 1968-1972 жылдары республикалық "Мәдениет және тұрмыс" (бүгінде "Парасат") журналында жауапты хатшы. 1972-1974 жылдары М.О.Әуезов атындағы академиялық драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі. 1976-1986 жылдары "Жазушы" баспасында редактор, аға редактор, "Қазақстан әйелдері", "Парасат" журналдарында қызмет етті. Халыкаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты (1999). "Құрмет" орденінің иегері. <ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}