Құмай (құс)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Құмай (Үлгі:Lang-la)<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> - қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.

Биологиялық сипаты

  • Дене тұрқы 70 см-дей, қанаттарын жазғандағы ұзындығы 2,5 м-дей болады.
  • Көзі өткір, биікте қалқып жүріп жердегі қорегін анық көре алады.
  • Арқа тұсының қауырсындары қоңыр қошқыл күл түсті, ал құрсақ жағындағы қауырсындары - ақ сұр, ақшыл сарғыш.
  • Тұмсығы қоңыр сары түсті, төмен қарай иіліп тұрады.

Таралуы

Тибет, Гималай, Памир- Алтай жене Тянь-Шаньды мекендейді. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы биік тау жоталарында, тау орманынан жоғары тіршілік етеді.<ref>Корелов, 1962</ref>.

Мекендейтін жерлері

Биік тауларда орманды белдеуден жоғарыда мекендейді. Қазақстандағы бірден-бір белгілі құмайдың шоғыры, 1989 жылы Іле Алатауында табылған, теңіз деңгейінен 3000 м биіктіктегі биіктігі 500 м тік жартастың қуысында орналасқан <ref name="Джаныспаев, Белялов, 1991а">Джаныспаев, Белялов, 1991а</ref>. Екінші шоғыр (колония), Шарын өзенінің орта сағасында, Жалаңаш аңғарында (теңіз деңгейінен 1650-1700 м биіктікте) орналасқан.

Көбеюуі және биологиялық ерекшеліктері

Құмай - отырықшы құс. Ұяларын ақпан-наурыз айларында ағаш басына, биік жартастарға салады. Онда 1-2 жұмыртқа болады. 50 күндей шайқайды, балапандары ұясын шілденің басында тастауы мүмкін <ref>Красная книга КСРО, 1984</ref>.
Нағыз өлексежегіш, жабайы және үй тұяқты жануарларының өлекселері және суырмен қоректенеді. Жемтігін өте биіктен, үлкен территорияны бақылап, табады. Қорегі жетіспеген жағдайда біршама көп санды ақбас құмайлармен, тазқаралармен және сақалтайлармен бәсекеге түседі. Бірақ бұл құстардың өлекселерде бірге болуын ескерсек, олардың қарым-қатынастары санына аса көп әсер етпей бірге өмір сүретіндігін көрсетеді.

Саны

Саны аз. Қазақстанда 1989 жылы Шелек өзенінің жоғары сағасында 5 ұядан тұратын шоғыр табылған <ref name="Джаныспаев, Белялов, 1991а"/><ref>Наши данные</ref>, ал 2003 жылдан бері Шарын өзенінің аңғарындағы екінші микрошоғырға (1-4 ұя) бақылау жүргізілуде <ref>Пфеффер, 2006</ref>. Әдетте 1-2 құс кездеседі; құмайлардың Қазақстанда көп болып жиылуы белгісіз.
Санының азаю себептері анықталмаған, шамамен оған улы жемдерден өлуі және оның қорегі - жабайы тұяқтылардың азаюы себеп болуы мүмкін.
Құмай - сирек кездесетін, тіршілігі аз зерттелген құс болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Дереккөздер

<references/>